Батиев Руслан Акатович

Бас директор

Функционалдық міндеттері: «Жоғары технологиялар институты» ЖШС-нің жалпы басшылығын жүзеге асырады. Жалғыз қатысушы мен Серіктестіктің Бақылау кеңесінің шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Серіктестіктің стратегиясын дайындайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ, «Самұрық – Қазына» АҚ, сондай-ақ өзге де ұйымдармен қызмет мәселелері бойынша Серіктестіктің байланысын ұйымдастырады. Мемлекеттік, құқық қорғау, Қазақстан Республикасының сот органдарында, халықаралық ұйымдарда, кез келген меншік нысанындарында Серіктестіктің мүдделерін білдіреді.

1984 жылы дүниеге келді.

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Металлургия» біліктілігі бойынша, «Ұнтақ металлургиясы және жабындары» мамандығы бойынша бітірді (2006 ж.). Магистр дәрежесің  2009 жылы Париж Тау-Кен Мектебінең (École nationale supérieure des mines de Paris) «Тау-кен жобаларын экономикалық бағалау»  мамандығы бойынша алды. Іскерлік әкімшілендіру докторлық дәрежесі (DBA) «Өндірістік және әкімшілік үдерістерді автоматтандыру» мамандығы бойынша  Еуропалық Одағының Университетінен және Т.Рысқұлов атындағы Жаңа Экономикалық Университетінен берілді (2017).

2008 жылдан 2009 жылға дейін халықаралық компанияларда өндірістік қалдық қоймаларын (Бельгия), тау-кен, өнеркәсіптік, пайдалы қазбаларды өңдеуге арналған жабдықтарды (Франция), көмір электр станцияларын (Германия) жөндеу және техникалық қызмет көрсету әдістерін үйренді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Жоғары технологиялар институтында дипломдық тәжірибе алды («Уран технологиясындағы ион алмасу үдерісі» тақырыбы).

2006-2010 жылдар аралығында «КАТКО» БК» ЖШС-де жұмыс істеді. Онда геотехнологиялық полигонның мастерінің ассистенттің жұмысынан бастап зауыттың басты технологиялық инженері - өңдеу зауытына жауапты болды.
2010 - 2011 жылдары Cogegobi LLC (Монғолия) - Areva (Франция) компаниясында жерасты шаймалау бойынша тәжірибе жүргізу бойынша жоба жетекшісі ретінде жұмыс атқарды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Areva» (Франция) еншілес ұйымы «КАТКО» БК» ЖШС-де құбырларды және инфрақұрылымды құрылыс жобаның және «Оңтүстік Тортқұдық» жобасының жетекшісі ретінде қызмет атқарды (2011-2013 жж.).

Жоғары буын басшысы ретінде жұмыс тәжірибесі мол. 2016 жылдан 2017 жылға дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Uranium One» (Канада-Ресей) еншілес кәсіпорны «Қаратау» ЖШС Буденовское кен орнын басқарды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және CGN-URC (ҚХР) еншілес ұйымы «Семізбай-U» ЖШС-нің бас директоры болып 2017 - 2018 жж. дейін жұмыс атқарды.  .
2018 жылдан 2019 жылға дейін - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кеңесшісі ретінде қызмет етті.