Копбаева Мария Петровна

Бас директордың ғылыми зерттеу жөніндегі орынбасары

Функционалдық міндеттері: тау-кен металлургиялық кешені мен атомдық өнеркәсіптің технологиясын дайныдау кезінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіреді. Ғылыми-зерттеу жұмыстары, зияткерлік жекеменшік лабораторияларын үйлестіріп, қадағалайды, «ЖТИ -Зерде» филиалында, мемлекеттік органдар мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және басқа да республикалық және шет ел кәсіпорындарымен өзінің құзыреті шегінде байланыстарды ұйымдастырады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия факультетін  1997 жылы тәмамдады. 1997 - 2001 жж. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ аспиранты, химиялық ғылымдар кандидаты.

Еңбек қызметін 1996 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физикалық химия мен химиялық электрохимия факультетінде бастады, қызмет жолын аға лаборант қызметінен бастап жетекші маманға дейін өткерді.  «Жоғары технологиялар институт» ЖШС -де 2003 жылдың қазан айынан бастап әр түрлі қызметте, жетекші маманнан бастап және фторидтер мен сирек металдар лабораториясының басшысы, сирек элементтер мен химиялық технологиясының бөлім басшысы мен ғылыми-зерттеу жұмыстардың бөлім басшысы болып қызмет атқарды. Кәзіргі қызметте 2016 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс атқарады.