Жайлыбаева Акмарал Келисовна

Экономика мен қаржы жөнінен бас директордың орынбасары

Функционалдық міндеттері: Серіктестіктің  қаржылық, кредиттік және салықтық саясатының қызметтерін қадағалап, үйлестіреді. Жоспарлауды, қадағалауды және жетілдіруді ұйымдастырады: қаржы және бюджетті басқару,бухгалтерлік, салықтық  және басқару есебі, өзара есеп өткізу, банктік және кассалық төлемдер, қаржылық алыс-берістің сауалдары, берілімдер мен Серіктестік кепілдемесін өшіру. Серіктестіктің шоғырландырылған және жеке қаржысының есеп-қисабын жүргізуде тәуелсіз аудит процессімен қамтамасыз етеді.

Қаржылық-экономикалық ортада 16 жылдық еңбек тәжірибесі бар, оның ішінде 10 жылдық  басқарушылық қызметтегі урандық салада еңбек тәжірибесі .

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1999 жылы «экономист – менеджер» мамандығын тәмамдады, HECSchool of Management,  MBA (2005 г.) дәрежесі,University of Wales, PGC(2016г.).

Еңбек қызметін 2000 жылдары «КЕGOС» АҚ- да  қаржы басқармасының жетекші маманы ретінде бастады, сонымен қатар «КЕGOС» АҚ қаржы жоспарлау бөлімі мен қаржы басқару анализ бөлімінінің басты маманы болып 2004 ж. дейін жұмыс жасады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесіндегі еңбек қызметі 12 жылды қамтиды, оның ішінде «Тау-кен компания» ЖШС- да 2004  - 2012 жж. жұмыс жасады, соның ішінде 6 жыл «Тау-кен  компания» ЖШС -да Қазынашылық директоры қызметінде. 2012 - 2016 жж. аралығында уранөндіретін компанияда  «СП «Бетпак Дала» ЖШС экономика мен қаржы жөнінен бас директордың орынбасары. 2016 жылдың мамыр айынан бастап -  «ЖТИ» ЖШС экономика мен қаржы жөнінен бас директор орынбасары.