Жетістіктер

«ЖТИ» ЖШС 2016-2025 жылдарға арналған «ЖТИ»- ЖШС- нің даму бағдарламасында айқындалған стратегиялық мақсаттарға жету жолында табысты жұмыс жасап жатыр, оның ішінде индустрияның инновациялық дамуын қамтамасыз ету және Қазақстандағы уран өнеркәсібінің ғылымды қажетсінетін өндіріс циклдарын қолдауға жеткілікті жоғары ғылыми-техникалық деңгейде мынадай көрсеткіштерімен көрсетіледі:

1. Табиғи уран өндірудің өзіндік құнын төмендетуге және өндірістің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар мен техникалық шешімдер мен жабдықтар әзірленді және жетілдірілді, олардың негізгісі:

  • Ұңғымаларды салу және пайдалануды автоматтандыру жүйесі (ҰСПАЖ) АҚ «Волковгеология»«ГРЭ-23» филиалында сынақтан өткен және оны іске асыруға дайын.
  • Уран колматациясының әр түрлі түрлерін болдырмау және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін химиялық және механикалық әсерлерін қолданумен тиімді әдістерді қолдану. Технологиялық ұңғымаларының сүзгі бөлігін химиялық тазалауға арналған жылжымалы қондырғы әзірленіп, өндіріске енгізілді.
  • Өндірістік сынақтарға дайындық және өндіріске енгізу үшін пилоттық өнеркәсіптік сынақтан өткен өнімді ерітінділерді өңдеудің тиімді технологиялары:

- Уран десорбциясына ультрадыбыстық әсер ету технологиясы;

- Арнайы тұндырғыш реагенттерді пайдаланатын уран пероксидінің кішкентай кристалдарын тұндыру технологиясы.

  • Технологиялық ерітінділерден артық қышқылдықты жою үшін нанотазартуды қолданудың келешекті технологиясы, оларда металдардың бір уақыттағы шоғырлануын қолдану.
  • 26.05.2017 ж. №108  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ жарлығымен СТ ҰАК 20-2017 Стандарт «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ кәсіпорындарына ион алмастырғыш шайырларға қойылатын талаптар» дайындалды және енгізілді.

2. Екі инновациялық жоба іске асырылды:

1) Өңдеу қондырғысынан үлкен қашықтықта орналасқан және магистральдық құбырларды төсеу және сорғы қондырғыларын монтаждау үшін үлкен қаржы шығындарын талап ететін кішігірім геологиялық кен орындарын игеруге арналған өнімді ерітінділерден уранды алу үшін мобильді кешен әзірленді және құрылды.

Қазіргі уақытта «Қазатомөнеркәсіп-Sauran» ЖШС «Степное РУ» филиалы Мобильдік кешен жұмысын жүзеге асырады, оның нәтижелері жобаға қосылған жоғары технологиялық көрсеткіштерді растайды. Мобильді кешен өнертабысқа үш патентпен қорғалған.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ «ЖТИ» ЖШС -нің жұмыс жобасы бойынша және оның қатысуымен (авторлық қадағалау) 250 м3/сағ қуаттылығы бар «Жалпақ» кен орнында уран өндірудің тәжірибелі өндірісі үшін мобильді кешен құрылды және іске қосылды.

2) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ талдамалық қызметті дамыту үшін «ЖТИ-Зерде» құрылыс филиалнда ЖШС «ЖТИ»-да материалдарды зерттеу және талдау зертханасы (МЗТЗ) ОҚО Созақ ауданының Таукент ауданы №75 ғимаратында «ТГХП» ЖШС құрылды.

МЗТЗ-тың негізгі мақсаты - табиғи уранды өндіру және өңдеу, геологиялық барлау, өндіру, РМ, РЭМ өндіру және өңдеу, оларды өндіру бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық технологияларды жетілдіру болып табылады. МЗТЗ ЖШС «Ұлттық аккредиттеу орталығы»  ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес сынақ зертханасын аккредиттеуден өтті.

3. «Уванас» кенішінің «Қазатомөнеркәсіп-Sauran» ЖШС «Степное РУ» филиалының аумағында келесідей қызметтер үшін тәжірибелік-технологиялық полигон (ТТП) құрылды: жаңа материалдардың жартылай өнеркәсіптік тестілеуді қамтамасыз ету үшін, инновациялық технологияларды, құрылғылар мен жабдықтарды технологиялық процестерді қарқындату үшін, тауарлық өнім сапасын арттыру мақсатында, сирек және сирек-жер металдарын алу, және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ кәсіпорындарында өзіндік өндіріс шығындарын төмендету.

4. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «ЖТИ» ЖШС -нің ғылыми-технологиялық және инновациялық дамуы келесі жұмыстардың орындалуын жүйелі түрде қамтамасыз етеді:

• «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ кәсіпорындарында зияткерлік меншікті басқару, ұтымды және өнертапқыштық қызметті ұйымдастыру және дамыту;

• «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ кәсіпорындарының ғылыми-өндірістік қызметіне компьютерлік жүйенің білім базасы шеңберінде ғылыми-техникалық ақпарат беру;

• нормативтік құжаттарды әзірлеу (стандарттар, нұсқаулықтар, әдістемелер);

• білім беру қызметтерін көрсету.

  • 2017 жылы екі оқу құралы әзірленіп, жарияланды:

• «ПСВ уран кәсіпорындарының геотехнологиялық ұңғымаларын жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары»

• «Уранның геотехнологиясы».

5. Білім беру қызметтерін «Қазақстан ядролық университеті» «ЖТИ» ЖШС -нің филиалы табысты түрде қамтамасыз етілді.

Тау-кен өнеркәсібінің қызметкерлеріне арналған оқу бағдарламаларын іске асырумен қатар, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және радиациялық қауіпсіздік бойынша, «СНК-3M бағаналарындағы уран сорбциясы» компьютерлік оқыту жүйесі әзірленді - виртуалды (негізделген) (VR) және толықтырылған шындық (AR), соның ішіндегі модульдер:

• Ион алмасу процестерінің теориялық негіздерін және СНК-3M бағандарындағы уран сорбциясын зерттеу бойынша интерактивті электрондық курс.

  • ЦППР-да СНК-3M сорбциялық бағанында өтетін процестер үшін VR және AR технологияларын қолданатын 3D тренажерлер:

- бағананын орналасуын және уран сорбциясының технологиясын зерттеу;

- механикалық режимде шайырды шамадан тыс жүктеу процесін жүргізу;

- уранды сорбциялау үдерісі.

6. «ЖТИ» ЖШС жобаларымен салынған кеніштерде уран өндіру үлесі 58% құрайды.

«ЖТИ» ЖШС жобалық-конструкторлық бөлімімен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ кеніш жобалары қуаттылығы жылына 1000 және 2000 тоннаға жететін жобаларын орындады,  мысалға: ПВ-19, Акдала, Заречное, Южный Моинкум, Центральный Мынкудук, Южный Инкай, Харасан-1, Семизбай-U, Буденовское.

Институттың  жобалық-конструкторлық бөлімінің өндірістік қызметі қазіргі кезде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ  қолданыстағы тау-кен кәсіпорындарын жаңғыртуға және қайта құруға бағытталған және соған байланысты лицензияға және басқа да рұқсаттарға сәйкес жүзеге асырылады.