«Жоғары технологиялар институты» ЖШС «ЖТИ-Зерде» филиалы ОҚО, Созақ ауданы, Таукент елдімекені

 «Жоғары технологиялар институты» ЖШС «ЖТИ-Зерде» филиалы  қауымдастықтың жалғыз мүшесі «02» маусым 2013 №309 шешімі негізінде құрылған.

Филиал қызметкерлерінің жалпы саны 240 адамды құрайды.

Қызметінің негізгі бағыттары:

- Тау-кен, металлургия және атом өнеркәсібі үшін стандарттау саласындағы нормативтік және басқа да құжаттарды қамтамасыз ету үшін қызмет көрсету;

- Әр түрлі шикізат пен қосарлы өнімдер, кендер, концентраттар, металдар, ерітінділер, иониттер, табиғи, ауыз су, ағынды суларды және басқа да материалдарды химиялық талдау;

- қызмет көрсету талаптарына сәйкес өнім сапасын бақылау және өнімді сертификаттау;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес метрологиялық қамтамасыз ету, өлшем құралдарын калибрлеу, жөндеу және пайдалануды бақылау.

- Атом өнеркәсібі, тау-кен-металлургия кешені үшін ғылыми-зерттеу пилоттық сынақтар жүргізу;

- Қолданыстағы жерасты ұңғымалы шаймалау арқылы уран өндіру технологиялық схемаларын жетілдіру, дамыту;

- Уран кешенді өндіру технологиясын дамыту өндіру кезіндегі сирек, сирек жерасты материалдарын  және басқа да элементтерді бөліп алу;

- Радиоэкологиялық жағдай, радиациялық қауіпсіздік, жеке және ұжымдық қорғау құралдарын және бақылау әдістерін  қазіргі заманға сай жетілдіру енгізу бойынша шаралар әзірлеу.

«ЖТИ-Зерде» филиалының құрылымы мыналарды қамтиды:

3 сынақ зертханасы:

- Орталық сынақ зертханасы Таукент елдімекені;.

- Солтүстік сынақ зертханасы  Қыземшек елдімекені;.

- Батыс сынақ зертханасы  Шиелі елдімекені .

4 техникалық бақылау бөлімі:

- Орталық ТББ Таукент елдімекені ;.

- Солтүстік ТББ Қыземшек елдімекені;.

- Батыс ТББ Шиелі елдімекені;

- ТББ «Орталық».

1 метрология және стандарттау бөлімі.

1 материалдарды ғылыми-зерттеу және талдау зертханасы.

Сынақ зертханалары - ұңғылап шаймалау және өңдеу арқылы алынған дайын уран өнімнің физикалық-химиялық сынақтары мен технологиялық шешімдерді, аралық және атом өнеркәсібі өндіру және кіріс инспекциясы құрамынды уран бар ерітінділерді (химиялық қышқылдар мен реактивтер, ион алмастырғыш шайырлар) (өлшеу) сынау жұмыстарын жүргізеді.

Техникалық бақылау бөлімі - тауар десорбаты түрінде табиғи уран концентраттарын, уран оксиді және уран өндіріс кіріс материал сапасын бақылауды жүргізеді, дайын өнімнің сапасын куәландыратын құжаттарды жасайды.

Метрология және стандартизация бөлімі – өлшем құралдарын салыстырып тексерумен қамтамасыз ету, жөндеу және өзінің салыстырып тексеру зертханасында өлшем құралдарын тексеру бойынша жұмыстар атқару. Өндірісте метрологиялық қамтамасыз ету бойынша талдау жүргізу және мекемелерді номативті құжатттар стандарттармен, метрология, жаңадан жасалынған стандартармен қамтамасыз ету.

Материалдарды ғылыми-зерттеу және талдау зертханасы келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:

-           Геологиялық барлау, уран өндіру және қайта өңдеу, сирек кездесетін металдар және сирек кездесетін жер асты металдары саласындағы зерттеулердің аналитикалық қолдау;

-           Уран өндірудегі ұңғылап шаймалау технологиясын жақсарту мақсатында аналитикалық қолдау;

-           Табиғи және техногендік уран кен орындарындағы кен үлгілерінен сирек кездесетін және сирек кездесетін жер асты металдарын сапалық және сандық құрамын өлшеу және бақылау аналитикалық әдістерін әзірлеу;

-           Радиологиялық зерттеу, бақылау және мониторинг.

-           Жабдықтарды бұзбайтын бақылау және техникалық диагностика.